Жасанды интеллект қызметкерлерді толықтай алмастыра алмайды және тиімділікке әсері де шамалы. National Bureau of Economic Research-тің Еуропадағы 7 000 жұмыс орнына жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, нейрожелілер ең көп дегенде жұмыс уақытын 3%-ға қысқартып, жалақыға 7%-ға дейін ғана әсер етуі мүмкін. Алайда бұл өсім де нақты емес, деп хабарлайды turkystan.kz fortune.com-ға сілтеме жасап.
Зерттеу барысында чат-боттар мәтіндер мен код жазу үдерісін жеделдететіні анықталған. Дегенмен, олардың жұмысы қосымша тексеруді, түзетуді талап етеді.
Кей жағдайларда ЖИ қолдану артық уақыт шығынына әкеліп, тиімділік орнына кері әсер етуі мүмкін.
Тағы бір қызықты мәселе — қызметкерлердің көбі ЖИ арқылы өнімділігі артқанын басшыларына айтқысы келмейді. Себебі бұл қосымша жұмысты көбейтуі мүмкін.