Атырау облысында былтырғы су тасқынынан қалып қойған көлшіктерде балық көбейіп, күн жылыннан кейін қырылып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.
Тас жолдардың жиегінде қалған суда да шабақтар өте көп. Жергілікті әкімдік пен Балық шаруашылығы инспекциясы су жәндіктерін құтқару жұмыстарын былтырдан бері тоқтатқан жоқ. Тірісін Жайыққа жіберіп, қырылғанын арнайы орындарда жойып жатыр. Жыл басынан бері көлшіктер мен тоғандардан 9 миллионнан астам шабақ құтқарылды дейді жауаптылар.