Тауық етінен әзірленген нагетсте зиянды зат мөлшері 30 есеге көп – зерттеу нәтижесі

Бүгін, 10:58 / Дана Ізтілеуова
istockphoto.com

Канада мен Аустралиядағы бір топ ғалымдар фастфуд пен тәттіні көп жеу мазасыздыққа алып келуі мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

New York Post-тың мәлімдеуінше, Brain Medicine журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, бұған басты себеп – микропластик. Ол газдалған сусын, қуырылған картоп, балмұздақ, шоколад, өңделген ет секілді барлық өңделген өнімдерде болады.

Зерттеу нәтижесі бойынша микропластик барлық өңделген өнімдерге қаптама немесе өңдеу құрылғылары арқылы келіп түсетіні расталды. Мамандар зиянды тамақты көп жейтіндер депрессияға тез шалдығуға бейім келеді деп дабыл қағып отыр.

Зерттеушілер үлгі ретінде тауық етінен әзірленген нагетсты алып зерттеген. Онда табиғи тауық етіне қарағанда микропластика мөлшері 30 есеге көп.

«Бізді алаңдататын деректерді байқап отырмыз. АҚШ секілді елдерде көпшілік өңделген өнімдерді жиі сатып алады. Ол өнімдерде табиғи өнімдермен салыстырғанда микропластик мөдшері тым көп» — дейді психиатр Николас Фабиано.

Ғалымдар жуырда дәрігерлердің адам миынан кішкене қасыққа шамалас микропластик тауып алғаны туралы сенсация жаңалықтан-ақ көп нәрсені түсінуге болатынын айтады.

Тэгтер:

зерттеу зиянды зат тауық еті нагетс