Желіде мәһрге 1 000 гр алтын сұраған блогер қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Бүгін, 10:46 / Інжу Әлихан
instagram

Әлеуметтік желіде мәһрге 1 келі алтын сұраған арудың талабы көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

 Күйеу жігіт қыздың талабын мақұлдап, алып беретініне уәдесін берді.

«Алып бере алады. Ақша тауып жатыр ғой, қолынан келеді. Алып бере алатынына мен сенемін», -  деді қалыңдық имамға сұрақатарына жауап беріп.

Желі қолданушыларының кейбіреуі қалыңдықты қолдаса, енді бірі шектен шыққанын айтып сынап жазып жатыр.

«Бауырым жар таңдаудан қателесіпсің, аман бол!», «Қыздың құны алтынмен өлшенбейді, бірақ сұрағаны шектен тыс емес пе?!», «Мәһр – әйелдің құқығы. Келісіп жатса, неге болмасқа?», «Жалмаңдап қалған қатын екен», «Сезімің алтынмен өлшенеді ме?», «Берекесіз әйел болады ғой», - деп жазуда оқырмандар.

 

Тэгтер:

блогер алтын Мәһр грамм