Ақмола облысында құны 53,4 млн теңге болатын жер телімі қайтарылды

Бүгін, 10:32 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бурабай ауданы прокуратурасы «Кипрос» ЖШС-нің пайдалануындағы жер учаскесіне иелік ету заңдылығына тексеру жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.  

Тексеру барысында серіктестік 2012 жылдан бері Щучье көлі жағалауында орналасқан 3 гектар жер учаскесін иеленіп келгені анықталды.  

Жер заңнамасының талаптарын бұза отырып, 10 жылдан астам уақыт бойы жер учаскесі игерілмеген, құрылыс жұмыстары басталмаған. 

2023 жылы жер пайдаланушыға учаскені игеру туралы міндетті нұсқама берілген, алайда 2024 жылы ешқандай шаралар қабылданбаған. 

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен кадастрлық құны 53,4 млн теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті.

 

Тэгтер:

жер телімі Жер учаскесі