Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі желі қолданушыларының сынына қалды

Бүгін, 09:33 / Інжу Әлихан
скриншот

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі, актер Ғазірет Қажымұқанұлы әлеуметтік желіде көпке жақпай қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Желіде тараған видеода стримде (тікелей эфир) отырған Ғазірет Қажымұқанұлының қыздармен жиі сөйлесіп отыратыны көрсетілген. 

«Мен жеке өмірімді айтқанды ұнатпаймын. Үйленген болуым да мүмкін», – деді актер танысып отырған бейтаныс аруға.

Желі қолданушылары актердің бұл сөзін қызу талқыға салды.

«Кәмшаттың күшті клиптерін YouTube-тан алғызып тастап, үйге отырғызып қойды. Өзі қызбен танысып отыр ғой», «Әйелін үйде отырғызып, өзі қыздармен сөйлесе ме?», «Өз әйеліңді сыйламайсың ба», «Кәмшатқа тыйым салып, өзі күнде тиктокта», «Ақша жақсы түседі тиктоктан, осылай шыққаны үшін», «Бәрі отырады, бұл да ақша жасаудың әдісі. Сөйтіп тиыннан қомақты ақша жасайды. Соларды асырайтын баяғы халық», – деп жазды көпшілік.

Тэгтер:

әнші Актер Күйеу сын Кәмшат Жолдыбаева