"Жаужүрек мың бала" фильмі арқылы көпшілікке танылған актер Артур Төлепов жақында үшінші рет әке атанады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл қуанышты жаңалықты жұбайы Мәдина Төлепова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Мәдина Төлепова екі баласымен түскен суретін жариялап:
"Менде сондай тамаша жаңалық бар", – деп жазды.
Суретте табиғат аясындағы пикник кезінде түсірілген сәт бейнеленген. Кадрдан болашақ ананың дөңгеленген іші анық көрінеді.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдап, жас отбасыны құттықтауға асықты. Ең алғашқы лебіздердің бірі актердің туған інісі – Асылхан Төлеповтен келді. Ол да" Жаужүрек мың бала" фильмінде басты рөлді сомдаған.
Желі қолданушыларының пікірлері: "Мен іштей сезіп едім!", "Құтты болсын!" , "Жеңіл босану тілейміз!", "Ең бастысы – денсаулық!", "Көз тимесін!", "Сәбиіңізді қолыңызға алатын күн тез келсін!" , "Бізге де сондай бақыт бұйырсын!" – деген тілек-лебіздер қарша борады.