Ұлттық университеттің жатақханасы жекеменшікке өтіп кеткен

21 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы қаласының прокуратурасы Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жатақханасын қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түрксіб ауданының прокуратурасы «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ мүлкі заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтады. 

Тұрғын-үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы тиісті тендер өткізбестен жалпы ауданы 2500 м2 астам жатақхананы жеке ЖОО-ға заңсыз жалға берген.

 Кейіннен мәміле жасасу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып ЖОО осы үй-жайды сатып алған. 

Бүгінгі таңда әкімшілік корпустың жатақханасы мақсатына қарай пайдаланылмай, бизнестің түрлі салаларының қызмет көрсетуіне жалға берілуде. 

Соттардың заңды күшіне енген шешімдерімен, Түрксіб ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша даулы әкімшілік ғимараты ұлттық университетке қайтарылды.

Тэгтер:

ЖОО Жатақхана ұлттық университет