24–30 мамыр аралығында Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогі өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кубокқа еліміздің барлық өңірі мен республикалық маңызы бар қалаларынан 1000-ға жуық палуан қатысады. Биылғы турнирдің мақсаты – алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын Ұлттық құрама командалардың негізгі құрамын жасақтау. Жарысқа халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген танымал спортшылар да қатысады.
Кубоктың құрметті қонақтары қатарында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері – Юрий Мельниченко, Ислам Байрамуков, Ермахан Ибраимов, Серік Сәпиев және басқа да елімізге белгілі спортшылар болады.
Салтанатты ашылу рәсімі 24 мамырда сағат 17:30-да басталады. Алғашқы күні боз кілемге еркін күрес балуандары шығады.