Павлодарда автобус жүргізушісі бір адамды мерт қылды

21 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

20 мамырда Golden DRAGON маркалы автобустың жүргізушісі велосипедшіні қағып, мерт қылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші Жібек жолы көшесімен келе жатып, Геринг көшесінің қиылысында жолдың жүріс бөлігін белгісіз жерде өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Айта кетейік, көз жұмған велосипедші 61 жаста болған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады

Тэгтер:

Павлодар Автобус жүргізуші велосипед