Елена Рыбакина Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

21 мамыр, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші Қытай өкілі Ван Синьюймен кездесті.

Кездесу екі сетке созылды. Рыбакина жалпы есепте 6:1, 6:3 нәтижесімен жеңіске жетті.

Ширек финалда қазақстандық теннисші Польша спортшысы Магда Линеттпен кездеседі.

Тэгтер:

Турнир Елена Рыбакина теннис