Талдықорған қалалық соты облыс бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А. Сағымбековке және «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басқарма төрағасы А. Күзембаевқа қатысты үкім шығарды.
Лауазымды тұлға пара алғаны үшін, ал квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы – 2025 жылға арналған өңір халқы үшін электр энергиясын тасымалдау тарифінің көрінеу жоғары құнын бекіткені үшін 500 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Сағымбеков пен Күзембаевқа тиісінше 15 млн теңге және 10 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сонымен қатар, оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.