«Толқып жылаймын»: Димаш Құдайбергеннің сұхбаты қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

21 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің сұхбаты қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көпшілік өнер иесінің журналист Дана Нұржігітке берген сұхбатынан ерекше әсер алғандарын айтып, пікір білдірген.

«Омар Хайямның керемет сөзі бар. «Не завидуй тому, кто силён и богат. За рассветом всегда наступает закат», дейді ол. Сол себептен менің өмірімде болып жатқан қызықты сәттер, әртістік өмір уақытша нәрсе. Күндердің күнінде мен де сахнадан түсіп, көрермендердің қатарында отырамын. Сол кезде мен жанымда тұрған адамдардың бетіне тік қарай алуым керек», — дейді ол жан сырын ақтарып.

Көпшілік: «Нағыз әнші», «Қарапайымдылығын айта алмаймын», «Димашты көрген сайын толқып жылаймын. Себебі өте қарапайым, халықпен бірге»,  «Ақылыңнан айналдым».