Жетісу облысында 19-23 мамыр аралығында көші-қон заңнамасын бұзған 148 құқық бұзушылықты тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.
Атап айтқанда, 103 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 26-сы ел аумағынан шығарылды: 18-і ТМД елдерінің азаматтары, 8-і алыс шет мемлекеттердің өкілдері.
Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзған 45 Қазақстан азаматы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 10 жұмыс беруші бар.