Атырауда сұмдық жағдай болды

Бүгін, 06:28 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Атыраудағы мейрамханалардың бірінде келушілер алкогольдік ішімдік ішіп отырған кезде жанжал шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, жанжал тез арада төбелеске ұласып, одан кейін суық қару қолданылған.

"Осы құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазды Atyrau ONLINE Telegram каналы.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәлімет жария етілмейді", - дейді полицейлер.