Әнші Айбек Жансейітов (лақап аты Бүркіт - ред.) әйелі мен жаңа туған қызын перзентханадан үйіне әкелді. Кішкентай немересін көрген Бүркіттің анасы көз жасын жасыра алмады, деп жазды nur.kz.
Отбасындағы қуанышты жайттың видеосын әнші желідегі парақшасында бөлісті.
Жұлдызды жұп төртінші сәбиін у-шусыз өздері ғана шығарып алуды жөн көрген. Көпбалалы ата-ана атанған Аиша мен Бүркіттің екі ұл, екі қызы бар.
"Ешкімге айтпай , роддомнан кетіп қалдық. Үйге келдік аман-есен! Үйге келсек, мамамның көңілі босап…" , - деп жазды әнші.