Қазақстандықтар үшін Еуропа бағытында жаңа рейс ашылды

20 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Қазақстан мен Сербия астаналары арасындағы тікелей әуе қатынасы 2025 жылдың соңына қарай ашылады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне жариялады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербия Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Сербия Республикасының Құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрі Александра Софрониевич ханымның арасында екі ел астаналары арасында әуе қатынасын ашу мәселесі бойынша келіссөздер өтті. Сонымен қатар, Сербия Республикасының Туризм және жастар істері жөніндегі министрінің орынбасары В. Ракич ханыммен кездесу өтті.

"Келіссөздерге Қазақстан тарапынан SCAT әуекомпаниясының басшылығы мен туристік компаниялардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында тараптар жыл аяғына дейін Астана мен Белград (Сербия Республикасы) арасында әуе қатынасын, соның ішінде "әуе еркіндігі" бесінші дәрежесін пайдалану арқылы ашу мәселесін талқылады", - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Қазақстан Ұшақ Сербия