Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

20 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанға ілтипат білдіріп, былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапарын ықыласпен атап өтті, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Оның аясында бірқатар стратегиялық маңызды келісімге қол қойылды. Мемлекет басшысының айтуынша, нақты уағдаластықтарға қол жеткізу, сондай-ақ Астана мен Будапешт арасындағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан аталған сапар нәтижелі болды. 

Президент екіжақты байланыстың басым бағыты ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты атады. Былтыр өзара сауда-саттықтың көлемі 200 миллион долларға жетті, осы жылдың алғашқы тоқсанында тауар айналымы 37 пайызға өсті.

Қазақстан экономикасына құйылған мажар инвестициясы 370 миллион доллардан асты. Қазір екі ел машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында 16 бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Олардың құны 700 миллион долларға жуықтайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанға ілтипат білдіріп, былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапарын ықыласпен атап өтті. Оның аясында бірқатар стратегиялық маңызды келісімге қол қойылды. Мемлекет басшысының айтуынша, нақты уағдаластықтарға қол жеткізу, сондай-ақ Астана мен Будапешт арасындағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан аталған сапар нәтижелі болды. 

Президент екіжақты байланыстың басым бағыты ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты атады. Былтыр өзара сауда-саттықтың көлемі 200 миллион долларға жетті, осы жылдың алғашқы тоқсанында тауар айналымы 37 пайызға өсті.

Қазақстан экономикасына құйылған мажар инвестициясы 370 миллион доллардан асты. Қазір екі ел машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында 16 бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Олардың құны 700 миллион долларға жуықтайды.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Виктор Орбан