Науқас балалар қамқорлықсыз қалмайды

Науқас балалар қамқорлықсыз қалмайды

Науқас балалар қамқорлықсыз қалмайды
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко бастап, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Элина Паули, қалалық мәслихат депутаттары Нәйлә Ахметова, Вячеслав Кнутас қостаған партия мүшелері аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықта болды. Нұротандықтар ауыр сырқатпен ауыратын балалардың ата-аналарымен тілдесіп, мұң-мұқтажын тыңдады. Павлодардағы аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық өткен жылы  партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауовтың тікелей қолдауымен ашылған болатын. Дәл бір жыл бұрын осындай өтінішпен «Алтын бата» ҚҚ директоры Елена Стельвага мен Аутист балалар ата-аналары қауымдастығының басшысы Дамира Әбдірахманова «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауовтың қабылдауына келген еді.Облыстық партия ұйымының басшысы ата-аналардың өтінішін қабыл алып, ерекше балаларға арналған орталық ашу жөнінде тапсырма берді. Аталған орталық – Алматы мен Қарағандыдан кейінгі Қазақстанда ашылған үшінші мекеме. Орталықта күн сайын 50 ана мен бала жаттыға алады. Бүгінде орталықта 25 отбасы жаттығуда. Мекеме бірнеше ай бұрын ашылғанына қарамастан, мұндағы балалар бірқатар жетістіктерге жетіп үлгерген. Айталық, балалар Қарағандыда өткен инклюзивтік спорттан алғашқы жарыс кезінде бірнеше жүлдемен оралды. – Баламен үнемі қарым-қатынаста болу керек. Көп нәрсе ата-аналарға байланысты. Мұнда біз балаларды аутизм жағдайынан шығаруға тер төгудеміз. Әлемдік тәжірибеде оң мысалдар баршылық, – деді Д.Әбдірахманова. Ал И.Теренченко кездесу барысында ата-аналар айтқан өтініштердің барлығы  назардан тыс қалмайтынын жеткізді.  «Былтырғы жылдың сәуір айында партия облыстық филиалында өткен қабылдаулардың бірінде филиал төрағасы Болат Жұмабекұлы ата-аналардың өтінішін қабыл алып, арнайы ғимарат бөлді. Жазғы кезде мұнда жөндеу жұмыс­тары жүргізіліп, орталық қараша айында ашылды. Ата-аналармен өткен бүгінгі сұхбат кезінде бірнеше өтініш келіп түсті. Оларды бақылауға алып, шешуге тырысамыз», – деді ол.