Жалған нөмірмен автокөлік жүргізген әскери қызметкер жауапқа тартылды

20 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Тараз қаласында әскери қызметкер мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі құжаттарға сәйкес келмейтін «Hyundai Sonata» маркалы көлік құралын басқарған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот қаулысымен ол ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Тэгтер:

Автокөлік әскери қызметкер нөмір