"Кереуетке жатқызып қойып, балғамен ұрған": Емшіге қаралған шымкенттіктің жұлыны зақымданып, омыртқасы сынған

20 мамыр, 2025 / Дана Ізтілеуова
istockphoto.com

Әлеуметтік желі арқылы тапқап емшіге қаралған Шымкент қаласының тұрғыны емнің орнына, жұлыны зақымданып, омыртқасын сындырып алған, деп хабарлайды turkystan.kz Отырар телеарнасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының тұрғыны бел ауруына қатысты шағым айтып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ақ халаттылар омыртқа жотасына шұғыл түрде ота жасау керектігін жеткізген. Бірақ науқас өз бетімен емделуді жөн санап, әлеуметтік желіден тапқан емшіге жүгінген. Алайда, емші ауырып барған адамды емдеудің орнына балғамен ұрып, омыртқасын сындырып жіберген. Ол аздай, жұлынға да зақым келіп, нәтижесінде науқас жүруден қалған.

«Науқастың сөзіне қарағанда, кереуетке жатқызып қойып, балғамен ұрған. Салдарынан, екі аяғында жансыздану болған. Сөйтіп, ертесіне қайта келуді сұраған. Бірақ, сол күні кешкісін бізде жедел жәрдеммен жеткізілді. Тез арада тексеру жүргіздік. Омыртқасын сындырып жіберген. Жұлынға да зақым келген. Науқас бізде бірнеше уақыт жатып, толықтай емделіп шықты. Екі аяғына жан бітті. Үйіне шығарылды», – дейді №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позилов.

Қазір науқастың жағдайы жақсы. Ешқандай шағымы жоқ дейді дәрігерлер. Сондықтан, дипломы жоқ мамандарға өз денсаулығыңызды сеніп тапсырмағаныңыз абзал деп отыр.

«Түрлі остехондрозда, түрлі бел омыртқасы, мойын омыртқасы жарықтарында ешқандай дипломы жоқ мамандар, әдістерді қолданып жатады. Қорқыныштылау әдістер. Кейде өзімде қарап отырамын үлкен салмақтағы кісілерді, аяғындағы саусағына байлап қойып, оны белінен ұрып жатады. Үстінен секіріп жатады. Мойнын қытырлатып жатады. Бұл өте қауіпті жағдай. Денсаулығыңыз сыр берсе, дәрігерге бару керек. Рентген жасау керек. МРТ түсіру керек. Кез-келген ауруды остехондроз екен деп, тоқпақтай беруге болмайды. Омыртқаға, жұлынға зиян», – дейді №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан

Тэгтер:

шымкенттік емші балға балғамен ұру жұлын омыртқа кереует