Елімізде сатылатын смартфондардың шамамен 75 пайызы заңсыз сатылады – комитет төрағасы

20 мамыр, 2025 / Дана Ізтілеуова
istockphoto.com

ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембековтің айтуынша, абоненттік құрылғыларды верификациялау тіркелмеген және заңсыз әкелінген құрылғылар айналымын шектеуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, оларға ресми түрде кепілдік берілген заңды техниканы сатып алуға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ құрылғылардың толық функционалына, оның ішінде, Қазақстан аумағында бұрын қолданылмаған функцияларға қолжеткізуді қамтамасыз етеді. Тиісінше, салық түсімдері артады, сондай-ақ тағы бір маңызды фактор – халықаралық брендтердің ресми өкілдіктерін нарыққа шығуға, оның ішінде, фирмалық дүкендер, сервистік орталықтар және уәкілетті сату нүктелерін ашуға ынталандыру, бұл өз кезегінде бәсекелестікке және логистикалық делдалдарды жою арқылы құрылғылар бағасының төмендеуіне ықпал етуі мүмкін», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


Сарапшылардың бағалауы бойынша, елімізде сатылатын смартфондардың шамамен 75%-ы көлеңкелі бизнес, ал төленбеген салық төлемдері шамамен 70-80 млрд теңгені құрайды.

Тэгтер:

смартфон заңсыз сатылым