Әлішер Кәрімов «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды

20 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Белгілі әнші Әлішер Кәрімовке Президент Жарлығымен «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Сонымен қатар «Алматы әуендері» КМҚК эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі Александр Беляков және әнші, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ қауымдастырылған профессоры Айгүл Қосанова да «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада бірақатар мәдениет және өнер қызметкерін марапаттаған болатын.

Тэгтер:

Президент әнші атақ өнер марапат Әлішер Кәрімов Қазақстанның халық әртісі