Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлау фактілерінің жиілеуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жыл басынан бері 19 мамырға дейін 60 бала терезеден құлаған. Оның ішінде 5 бала көз жұмған. 55 бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылған.
«2024 жылы осындай 196 жазатайым жағдай тіркелді. Ең көп зардап шегетіндер – үлкендердің қарауынсыз қалатын 2-13 жас аралығындағы балалар»,-делінген ТЖМ баспасөз хабарламасында.