Екібастұзда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 64 жастағы тұрғын Шахриддин Баймурадовтың жұбайы полицияға өтінішпен 21 сәуірде жүгінді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, күйеуі 18 сәуірде Екібастұз қаласының Марденов көшесі, 19-үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.
Жоғалып кеткен адамның белгілері: 64 жастағы ер адамның бойы - 165-170 сантиметр, шашы ақ, көздері қоңыр. Көк күртеше, қара шалбар, қара кроссовкимен шығып, жоғалған.
«Өтініш түскеннен кейін бірден белсенді іздеулер басталды. Барлық полиция бөлімшелеріне іздестіру үшін бағдарлар жіберілген. Қосымша күштер тартылған. Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бейнебақылау камераларынан жазбалар зерделенеді, қараусыз қалған ғимараттар мен пайдаланылмайтын құрылыстарды, саяжай алабын, су айдындарын және тағы басқа жерлерге аралау жүргізіледі», – деді облыстық полиция департаментінде.
Полиция басқармасының жеке құрамымен бірге іздеуге ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, қала тұрғындары қатысады. Иттер мен арнайы техника жұмылдырылды.