Елорда прокуратурасы электрондық мемлекеттік сатып алулар саласындағы қылмыстық схеманы әшкереледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ның бас маманы коммерциялық компаниялардың бірін мемлекеттік сатып алуға «жосықсыз қатысушылардың тізілімінен» алып тастаған.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қызметтік қолжетімділігін пайдалана отырып, серіктестікті аталған тізілімнен заңсыз алып тастаған қызметі үшін бас маман кәсіпкерден 10 млн теңге сыйақы алған.
Қылмыстық схеманы коммерциялық компанияның ұйымдастырған.
Қала прокуратурасы ақпаратты заңсыз жою фактісіне қатысты ҚК-нің 206-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеп, дереу шара қабылдады.
Тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.