Алакөлге дейін билет құны қолжетімді әуе рейстері іске қосылады

20 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
gov.kz

Көлік министрлігі жазғы маусымда Алакөлге дейін қосымша вагондар мен билет құны қолжетімді әуе рейстерін іске қосады, деп хабарлады turkystan.kz.

Теміржол көлігі:

Биыл жазда Алакөл курорттық аймағына 13 теміржол бағыты арқылы жетіуге болады. Оның 4-еуі — жыл бойы қатынайтын бағыт болса, тағы 9-ы — маусымдық қосымша бағыттар. Пойыздар Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Семей, Өскемен және Ақтоғай қалаларынан қатынайды.

Алматы – Алакөл:

Астана – Алакөл:

Басқа бағыттар:

Әуе қатынасы:

2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлдің қасында орналасқан Үржарға субсидияланатын рейстерді орындай бастайды. Астана мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 6 рейс орындалады. Астана - Үржар бойынша бір бағыттағы билет құны – 16 мың теңге, ал Алматы - Үржар бағыты бойынша – 14 мың теңге.

Сондай-ақ, жаз мезгілінде Ушарал қаласына субсидияланатын әуе рейстерін іске қосу мәселесі пысықталуда.

Автомобиль көлігі:

Жалпы ұзындығы 768 шақырым болатын «Талдықорған – Өскемен» жолы Алакөлге дейін апарады. Бұл жолға толықтай жаңа асфальт төселді.

Жетісу облысы жағынан Үшарал арқылы одан кейін 180 шақырымдық «Үшарал – Достық» жолымен өтіп, көлдің оңтүстік жағалауына жетуге болады.

Абай облысы жағынан «Таскескен – Бақты» жолы арқылы Мақаншы ауылына (133 км), әрі қарай «Мақаншы – Жалаңашкөл» бағытымен көлдің солтүстік жағалауына жетуге болады.

Алакөл көліне апаратын барлық республикалық маңызы бар автожолдарда жаңа асфальтбетон жабыны төселді.

Тэгтер:

Ұшақ билет Пойыз Вагон әуе рейсі Үржар Алакөл