«Қараусыз қалдырмаңыз»: ТЖМ қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

20 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлау жағдайларына байланысты алаңдаушылық білдіреді.

Жыл басынан бері ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына балалардың терезеден құлауына байланысты 60 жазатайым оқиға туралы ақпарат түсті. 5 бала оқиға орнында қайтыс болды, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.

2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелді. Әдетте, тәуекел аймағында - ересектердің қарауынсыз қалған 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар. Көбінесе қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде орын алады, себебі бұл торлар салмаққа шыдамайды.

Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша, еліміздің барлық өңірінде профилактикалық жұмыстар күшейтілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-аналар мен балалардың заңды өкілдерін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:

Әрбір қайғылы оқиғаның алдын алуға болады. Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік ересектерге жүктеледі.

Тэгтер:

Қазақстан Бала Ескерту Терезе ТЖМ құтқарушы