Танымал тележүргізуші сүйіктісімен некесін қидырды

20 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Танымал тележүргізуші Диана Скатова жеке өміріндегі қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол сүйіктісі музыкант Сұлтан Нұрбековпен АҚШ-тағы мешітте некесін қидырған.

«Өмір – өздігінен ғажап. Сол кереметті бөлісетін адамың болса, оны кездестірсең, ол керемет екі еселенбей ме?!

Баршамызға, Алла тек жақсы күндерді бұйырсын! Енді біз ерлі-зайыптымыз!», - деп жазды ол.

Айта кетейік, олар бұған дейін QosLike бағдарламасында бірге жұмыс істеген.

Тэгтер:

Тележүргізуші неке Диана Скатова