Дауыл, бұршақ: Ертең елімізде ауа райы қандай болады

Бүгін, 06:12 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ертең, 20 мамырда еліміздің кей өңірінде бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Сонымен бірге оңтүстік облыстарда өрт қаупі әлі басылмаған, деп жазады Қазгидромет. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында сақталады төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтауда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Оралда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавлда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан же соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырауда түнде найзағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

20-21 мамырда Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс), облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі (4 класс) сақталады. Шымкентте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.