Павлодар тұрғыны түрмеге телефон алып кірмек болған

19 мамыр, 2025 / Алуа Арман
polisia.kz

Павлодарда тергеу изоляторяның қызметкерлері абақтыға телефон алып кірмек болған адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол сотталып, түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматқа сәлемдеме әкелген. Азық-түлік салынған жол сөмкесін тексеру барысында сөмкенің астарынан телефон тәркіленген.

Аталған факті бойынша сәлемдеме әкелушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

— Біз тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеттерімен жиі кездесеміз. Мұндай жағдайлар мұқият тіркеліп, құқық қорғау органдарына хабарланады, – деп атап өтті иекеме бастығының міндетін атқарушы Кәрібай Берік.

Мекеме басшылығы тыйым салынған заттарды жеткізу немесе жеткізуге әрекет жасау заң бұзушылық болып саналатынын және әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Тэгтер:

Павлодар Түрме түзету мекемесі абақты телефон алып кіру