Теннисші Александр Бублик халықаралық турнирде жеңіске жетті

19 мамыр, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстандық Александр Бублик теннистен Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger 175 сериясындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бублик финалда қытайлық Бу Юньчаокэтэны 6:3, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді.

Александр үшін бұл — ATP Challenger санатындағы жекелей сында жеңіп алған жетінші титул және топырақты корттағы алғашқы жеңіс.

Сондай-ақ, оның еншісінде ATP 250 сериясындағы үш, ал ATP 500 турниріндегі бір чемпиондық атақ бар.

Тэгтер:

Турнир теннис жарыс жеңіс Сайыс