Алтын өндіретін кәсіпорынның аумағына заңсыз кірген азамат қамауға алынды

19 мамыр, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық соты күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру фактісі бойынша әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айыпталушы азамат 2025 жылдың ақпан айында жеке күзет ұйымы күзететін, қауіпті өндірістік объект саналатын алтын өндіруші кәсіпорынның аумағына заңсыз кірген.

Сотта ол өз кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініп, соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады.

Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Тэгтер:

алтын кәсіпорын алтын өндіру