Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Тажен» өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін уақытша жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.
«Өзбекстан Республикасымен келісім бойынша, Қазақстан «Тажен» өткізу пункті арқылы шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйымды 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартты.
Шектеу өткізу пунктінде және оған іргелес инфрақұрылымда жүргізіліп жатқан құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарына байланысты енгізілген. Оған күрделі жөндеу, инженерлік желілерді тарту және бейтарап аймақта жол салу жұмыстары кіреді», - делінген хабарламада.