Павлодарда ер адам көпқабатты үйден құлап, көз жұмды

Бүгін, 12:40 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

17 мамыр күні сағат 18:30 шамасында павлодарлық ер адам биіктіктен құлап, мерт болды.

Полиция департаменті аулада табылған мүрдеге қатысты сотқа дейінгі тексеру бастады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

 «Малайсары батыр көшесінде шамамен 30 жастағы белгісіз ер адамның денесі табылды. Ол биіктіктен құлағандықтан, ауыр  жарақат алып, қайтыс болды», – деді жедел жәрдем стансасынан.

Айта кетейік, мекенжай бойынша орналасқан үйде 12 қабат бар.

Тэгтер:

Павлодар суицид Ер адам