Аудандық білім бөлімінің басшысы мен бухгалтерлер 686 млн теңге ұрлаған

Бүгін, 11:07 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы облысында Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткееваға және осы бөлімнің 7 бухгалтеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы аудару арқылы 686 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған.

Сонымен қатар білім бөлімінің басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, өзінің жүргізушісін өзіне бағынышты мектеп-гимназияға кәсіптік бағдар беруші лауазымына жұмысқа тіркеп қойып, жалпы сомасы 4,9 млн теңге жалақыны заңсыз төлеген.

Каткееваға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 10 жыл қызмет атқаруға тыйым салынып, 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

ақша жымқыру бюджет қаражаты