Қостанай тұрғыны мас күйінде Киевский көшесінде Nissan маркалы автокөлігінің екі дөңгелегін кесіп, көлік иесіне материалдық шығын келтірген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жанжал тұраққа көліктерді қою кезінде орын алған. Айыпталушы басқа автокөлік иесінен көлігін жолдан алып тастауды сұраған. Бірақ жолда тұрған көлік иесі көлігіне алудан бас тартқан. Ашуланған айыпталушы көлігін жолдан алмаған азаматтың көлігінің екі дөңгелегін кесіп тастаған.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, кедтірген шығынды өз еркімен өтеуге келіскен.
Жәбірленуші оның көлігі жол қозғалысы ережелеріне сәйкес тұраққа қойылғанын және жол жүруге кедергі болмағанын түсіндірді. Дөңгелек шығыны 40 000 теңгені құраған. Сондай-ақ жәбірленуші көлікті эвакуациялау және теңгерімдеу үшін қосымша шығынға ұшыраған.
Айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.