ҰҚК екі халықаралық есірткі арнасын жойды

Бүгін, 10:28 / Алуа Арман
ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесе отырып, халықаралық есірткі арналарын жоюға бағытталған екі арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған елдердің аумағында бірлескен іс-қимыл нәтижесінде есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды.

Заңсыз айналымнан 20 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.

Есірткі саудасының халықаралық арналарын бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.

Тэгтер:

Есірткі Қылмыстық топ ҰҚК есірткі арнасы