Шымкент университетінің басшылары 256 млн теңге жымқырған

Бүгін, 10:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактісі бойынша қылмыстық істің тергеуі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар.

Тергеу нәтижесінде университет қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары мен тауар жеткізуге қатысты жалпы сомасы 256 млн теңгені құрайтын жалған келісімшарттар жасағаны анықталды.

Аталған жұмыстар іс жүзінде орындалмаған. Бюджет қаржысы жалған актілер негізінде байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерге күдіктілер 6 қымбат көлік (Mercedes-Benz S-класс, Lexus LX570 және т.б.) пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге болатын элиталық коттедж сатып алған. Оларға сот санкциясымен тыйым салынды.

4 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Тэгтер:

ақша жымқыру бюджет қаражаты ақша ұрлау