Қазақстандық оқушылар биологиядан халықаралық олимпиадада екі алтын алды

Бүгін, 09:27 / Інжу Әлихан
Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан құрамасы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада (Open International Biology Olympiad, OIBO) топ жарды, деп хабарлады turkystan.kz.

14 елден жиналған жас биологтар теориялық, жеке практикалық және биыл алғаш рет енгізілген жобалық (топтық) үш кезеңде бақ сынады. Қазақстан құрамасы республикалық олимпиада жеңімпаздарынан жасақталып, екі алтын, төрт күміс медаль жеңіп алды, сондай-ақ командалық жобалық турда да бірінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар:

Құрама жетекшісі – Айгүл Каркулова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары.

OIBO халықаралық олимпиадасы оқушылардың биология және биотехнология салаларындағы заманауи мәселелерді шешуге деген қызығушылығын арттыруды, ғылыми көкжиектерін кеңейтуді, өндірістік серіктестермен ынтымақтастықты және халықаралық тәжірибе алмасуды дамытуды мақсат етеді.

Айта кетейік, олимпиада алдында Қазақстан құрамасы ұйымдастырушылардың шақыруымен «Сириус» орталығы базасында он күндік халықаралық оқу-жаттығу жиындарынан өткен болатын.

Тэгтер:

оқушы Олимпиада Білім алтын медаль Халықаралық биология