Кеше Қызылорда облысында «Таң – Құмкөл» бағытында ұшқан, бортында 3 адамы бар АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұшақтың қайда қонғаны белгісіз болған. Ал ішіндегі адамдар байланысқа шықпаған.
Оларды іздеуге ТЖМ күштері жұмылдырылып, іздеу жұмыстары 8 сағатқа созылған.
Жоғалған адамдар түнде айдаладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.