Қостанай облысында жерлер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.
Ұзынкөл ауданының прокуратурасы жер қатынастары саласындағы заңбұзушылықтарды анықтады.
"2023-2024 жылдары аудан прокуратурасы осы мәселе бойынша әкімдіктің атына 7 қадағалау актісін енгізді, соның нәтижесінде мемлекет кірісіне ауданы 13,6 мың га жер учаскелері қайтарылды, кадастрлық құны 219 миллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.
Биыл прокуратураның бастамасы бойынша уәкілетті орган жалпы ауданы 5,6 мың гектар болатын тағы 56 учаске бойынша тексеру іс-шараларын бастағаны айтылды.