"Тым болмаса бір соқыр қыз бермеді ғой Құдай": Қарттар үйіндегі қария өкініші жайлы (ВИДЕО)

Бүгін, 04:10 / Дана Ізтілеуова
Скриншот

"Бала таба алатындартабыңдар. Елордадағы қарттар үйінде тұрып жатқан 72 жастағы Күләнда апа осылай дейді.

Хабар арасындағы Жет күн бағдарламасына берген сұхбатында ол 34 жыл отасқан жолдасы 11 жыл бұрын қайтыс болғанын айтады.

"Бала болмаған соң, қайда барасың? Бала болса, мен мұнда келмес пе едім мүмкін?.. Сондықтан бала керек. Ертең – олардың келешегі. Қартайса өздерін күтетін сол балалар. Кей кезде "Тым болмаса бір соқыр қыз бермеді ғой Құдай" деп армандаймын. Өйткені – қиын. Бала деген оңды ғой, не керек. Бала таба алған адам – табыңдар. Бала деген ол – өмір ғой", – дейді қария.

Тэгтер:

Бала қарттар үйі Соқыр Бала табу