Шығыс Қазақстанда балықшылар құтқарылды

18 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

ТЖМ қызметкерлері балықшыларды құтқарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомство дерегінше, Қоржынкөл көлінде екі балықшы резеңке қайықпен балық аулауға көлге шығып, желдің салдарынан жағалауға өз бетінше жете алмай, 112-ге көмек сұрады. Оқиға ШҚО-ның Ұлан ауданында орын алды.

Көмекке келген құтқарушылар 1973 және 1975 жылы туған екі ер адамды жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады, - делінген мәліметте.

ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Қатты жел кезінде қайықпен суға шықпауларыңызды сұрайды.