Газа секторында төрт журналист мерт болды

18 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: telegram/irna

Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, жуырда Газа секторына жасалған соққылардың салдарынан тағы төрт журналист мерт болды, деп хабарлайды kazinform.

Құрбан болғандар - Нұр Кандил, Азиз Әл-Хаджар, Абдуррахман Әл-Абадила мен Халед Абу Сейф.

Телеарнаның хабарлауынша, соққыны Израиль тарапы жасаған. Қақтығыс аймағында мерт болған БАҚ өкілдерінің саны артып келеді