"Оқытушылар ChatGPT-ті жиі қолдана бастаған: АҚШ-та студенттер оқу ақысын қайтаруды талап етіп жатыр

Бүгін, 05:20 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

АҚШ университеттерінде оқытушылар ChatGPT-ті жиі қолдана бастаған. Студенттер оқу ақысын қайтаруды талап етіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz The New York Times-қа сілтеме жасап.

АҚШ-та жоғары оқу орындарының оқытушылары ChatGPT-ті жиі пайдаланады, жазбаша жұмыстарды тексеруде және дәрістерге дайындауда нейрожелі таптырмас көмекшіге айналған. Бұл студенттердің ашуын туғызып жатыр: олар оқу ақысына лайықты білім беруді талап етіп, ақшаларын қайтаруды сұрап отыр.

Оқытушылар өздерін былай деп ақтайды: «жүктеме өте көп, ал жасанды интеллект уақыт үнемдеуге көмектеседі». Мұндай мамандар аз емес, сауалнамаға сәйкес, оқытушылардың 18 пайызы ЖИ-ді үнемі қолданады.
 

Тэгтер:

АҚШ Оқытушылар студенттер Пайдалану ЖИ оқу ақысы