Энергетиктер қатерлі ісік жасушаларын «қоректендіреді» – ғалымдар дабыл қақты

Бүгін, 04:40 / Ербұлан Қайрат

Ғалымдар энергетикалық сусындардың құрамындағы таурин атты заттың қатерлі ісік жасушаларының өсуін жылдамдататынын анықтады, деп хабарлайды independent.co.uk-ге сілтеме жасап.

Әсіресе ол қан ісіктеріне (лейкемия, лимфома) әсер етеді, сусын құрамындағы таурин оларды «қоректендіріп», белсенділігін арттырады.

Таурин тек энергетиктерде ғана емес, ет пен балық сияқты кәдімгі тағамдарда да бар. Тіпті адам ағзасы оны өзі де синтездейді. Бірақ мәселе – мөлшерінде. Энергетиктер мен биоқоспаларда (БАД) тауриннің концентрациясы тым жоғары болуы мүмкін. Ал бұл – денсаулыққа елеулі қауіп.
 

Тэгтер:

ғалымдар қатерлі ісік зиян сусын энергетик қатерлі ісік жасушалары