OpenAI басшысы Сэм Альтманның айтуынша, болашақта ChatGPT адамның бүкіл өмірін, әр әңгімесін, ойын, деректерін есте сақтап, соның негізінде дәл әрі жеке кеңестер береді. Яғни адамның орнына ойлана алады, деп хабарлайды turkystan.kz techcrunch.com-ға сілтеме жасап.
«Идеал бұл – триллион токеннен тұратын контексі бар модель. Сол модельге сіз бүкіл өміріңізді саласыз», – дейді Альтман.
Бірінші қадам әлдеқашан жасалды: ChatGPT сіз айтқан барлық әңгімені есте сақтайды және оларды кейінгі жауаптарында пайдаланады.