Танымал психолог Ержан Мырзабаев қазақ қоғамында не себепті ажырасу көрсеткішінің тым жоғарылап кеткенін түсіндірді.
Отбасылық психолог Қазақстан телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасына қонақ болған.
Ол отбасын сақтаудағы ерлі-зайыптылардың жауапкершілігі жайында айтты.
«Отбасын құру – жауапкершілік. Жауапкершілік алу көп жағдайда жеке адамның еркіндігін шектейді. Отбасы мүддесі бірінші орында болуы қажет. Еркіндіктен компромисс маңызды. Және отбасында бақыт тапқан адамдар еркіндігін оңай шектей алады. Ерлі-зайыптылар отбасын сақтау үшін менмендігін басып, өз рахатынан бас тартқан жөн. Өйткені біз некеге тұрарда уәде беріп, жауапкершілік аламыз», — дейді психолог.