Әйгілі Eurovision-2025 байқауының жеңімпазы белгілі болды

Бүгін, 08:24 / Дана Ізтілеуова
Eurovision.com

Аустриялық әнші Йоханнес Питч (JJ) Швейцарияның Базел қаласында өткен Eurovision-2025 халықаралық байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші "Wasted" туындысын орындап, 436 ұпай жинады. Екінші орынды 357 ұпай жинаған Юваль Рафаэль иеленсе, үздік үштікті эстониялық Томми Кэш (356) түйіндейді 

Аустрия өнерпаздары бұл әйгілі байқауды осымен үшінші рет жеңімпаз атанып тұр. Алғаш рет аустриялық Удо Юргенс 1966 жылы жеңімпаз атанса, әлем жұртшылығы арасында шу тудырған аустриялық Кончита Вурст 2014 жылы байқауда жеңіске жеткен болатын.

Тэгтер:

жеңімпаз Әйгілі Eurovision-2025 Евровидение